Футбол

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде орнын өзгертті

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде орнын өзгертті

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде жоғарлады.


Ұйымның ресми сайтында жарияланған тізімде Қазақстан екі саты жоғарылап, 98-орынға жайғасыпты.


Қазан айында Магомед Адиевтің шәкірттері Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында сырт алаңда екі матч өткізді: Даниядан ұтылды (1:3) және Финляндияны ұтты (2:1).


26 қазандағы ФИФА рейтингі:

1 (1). Аргентина – 1861,29 очка;

2 (2). Франция – 1853,11;

3 (3). Бразилия – 1812,2;

4 (4). Англия – 1807,88;

5 (5). Бельгия – 1793,71;

6 (8). Португалия – 1739,83;

7 (7). Нидерланды – 1739,26;

8 (10). Испания – 1725,91;

9 (9). Италия – 1717,81;

10 (6). Хорватия – 1711,88;

...98 (100). Қазақстан - 1219,65.


Бұл рейтингте Қазақстан ең жоғары көтерілгені 2016 жыл болатын. Ол кезде еліміздің құрамасы 86-орында еді.

Басқа спорттық жаңалықтар