Сауд Арабиясы футбол чемпионаты

Бензема ойнайтын "Әл-Иттихад" тағы франциялық ойыншыны сапына қосты

Бензема ойнайтын
Football24.ru

Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" франциялық футболшы Мусса Диабиді сапына қосқанын хабарлады.

Тегі Малилік футболшы осы уақытқа дейін англиялық "Астон Виллада" өнер көрсетіп келді. 25 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт 2029 жылға дейін есептелген. Transfermarkt мәліметінше, трансфер құны 60 миллион еуро болды.

Айта кетейік, "Әл-Иттихад" Франция құрамасының өзге ойыншылары Карим Бензема мен Н'Голо Канте өнер көрсетеді, ал команданы Франция құрамасының бұрынғы бапкері Лоран Блан жаттықтырады.


Басқа спорттық жаңалықтар