2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық теннисшілердің Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды
Уимблдон

2024 жылғы Париж Олимпиадасында үлкен теннистен жеребе тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші кездесуін румыниялық Критиан Жаклинге қарсы өткізеді.

Юлия Путинцеваның қарсыласы - украиналық Марта Костюк.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды. Ал Александр Шевченконың қарсыласы - чехиялық Якуб Меншик.

Жұптық сындағы қазақстандық теннисшілердің қарсыластары: Бублик/Недовесов (Қазақстан) – Попырин/Де Минаур (Австралия).

Париж Олимпиадасындағы теннис бәсекесі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар