Теннис
Қазақстандық жас теннисші Астанадағы ITF W35 турнирінің екінші айналымына өтті
ҚТФ
Қазақстандық теннисші (№1013) Сандуғаш Кенжебаева Астанада өтіп жатқан ITF W35 турнирінің екінші айналымына өтті.
Қазақстандық жас теннисші екінші айналымда (№1268) әзербайжандық Мишель Джачангированы ұтты.
Бірінші партияда Сандуғаш 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде қарқынын тіпті үдетті – 6:1. Кездесу 1 сағат 19 минутта аяқталды.
Енді Кенжебаева жартылай финалға өту үшін әлемнің осы жарыстың 2-ракеткасы, (№417) ресейлік Татьяна Прозоровамен ойнайды.