2024 Париж Олимпиадасы

Париж Олимпиадасының алғашқы күні сайысатын қазақстандық споршылардың жарыс кестесі

Париж Олимпиадасының алғашқы күні сайысатын қазақстандық споршылардың жарыс кестесі
Сали Сабиров

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының басталуына 1 күн қалды. Бүгін кей спорт түрлерінен жеребе тарту рәсімі мен іріктеулер басталады.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 26 шілде күні Сена өзенінде өтеді. Одан кейін ресми түрде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықтала бастайды.

Алғаш болып садақ ату шеберлері жарыс жолына шығады. Қазақстандық Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко іріктеу кезеңіне қатысады.

Бүгін өтетін маңызды іс-шаралар

14:00. Теннис жеребесі

17:00. Дзюдо жеребесі

20:15. Садақ ату. Іріктеу кезеңі. Ильфат Абдулин, Александр Еременко, Даулеткелді Жаңбырбай

22:15. Бокс жеребесі.

Айта кетейік, Қазақстаннан Олимпиадаға 80 спортшы қатысады. Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова көтеріп шығады.

Басқа спорттық жаңалықтар