2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық дзюдошылардың Париж ойындарындағы жарыс кестесі жарияланды

Қазақстандық дзюдошылардың Париж ойындарындағы жарыс кестесі жарияланды
Time.kz

Қазақстандық дзюдошылардың 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы жарыс кестесі белгілі болды.

Олимпиадада жарысты 27 шілдеде Абиба Абужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) бастайды. Одан кейін 28 шілдеде Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), 29 шілдеде Данияр Шамшаев (73 келі), 30 шілдеде Абылайхан Жұбаназар (81 келі) мен Эсмигүл Куюлова (63 келі) жалғастырады.

Ал 1 тамызда Нұрлыхан Шархан (100 келі), 2 тамызда Камила Берліқаш (78 келі) татамиге шықса, 3 тамызда аралас командалық жарыс болады.

2016 жылы Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен Олимпиадада Елдос Сметов (60 келі) күміс, Отгонцецэг Галбадрах (48 кг) қола жүлдегер атанған еді.

2020 жылы Токио Олимпиадасында Елдос Сметов үздік үштікті түйіндеп, қазақ спорты тарихына есімін алтын әріппен жазды.

Жалпы Париж қаласында спорттың аталған түрінен 14 салмақта 372 спортшы (ерлер мен әйелдер саны тең) сынға түседі.

Басқа спорттық жаңалықтар