2024 Париж Олимпиадасы

2030 жылғы қысқы Олимпиада өтетін ел анықталды

2030 жылғы қысқы Олимпиада өтетін ел анықталды
olympics.com

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2030 жылы қысқы Олимпиада ойындары өтетін елді анықтады. Парижде өткен сессия қорытындысы бойынша жарыс Франциядағы Альпі тауларында өтетін болды.

Сессияға қатысушылардың көбі жарыстың Франциядағы Альпі тауында өтуіне дауыс берді. Жарысты өткізуге Солт-Лейк-Сити (АҚШ), Стокгольм және Оре (Швеция) қалалары да үмітті болған.

"ХОК 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпі тауларында өтетінін хабарлаймыз. Олар ХОК талаптарын толықтай орындады", - деді ұйым президенті Томас Бах.

Франция жыл соңына дейін Олимпиада өтетін нысандар мен жоспарын бекітулері тиіс. Франция президенті Эммануэль Макрон жазғы Олимпиададан кейін жаңа жарысқа дайындық басталатынын жеткізді.

Франция қысқы Олимпиада ойындарын төртінші рет өткізбек. Алғаш рет 1924 жылы Шамониде өткізген. Одан кейін 1968 жылы Гренобльде, 1992 жылы Альбервильде болды.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар