Бокс

Әйгілі Рой Джонс Нганну Фьюоиді қалай жеңе алатыны айтты

Әйгілі Рой Джонс Нганну Фьюоиді қалай жеңе алатыны айтты

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы, әйгілі Рой Джонс (66-10) Френсис Нганну (0-0) ауыр салмақта WBC титулына ие британиялық Тайсон Фьюриді (33-0) жеңіп кетуі мүмкін екенін айтады. 


"Фьюри мен Нганну жекпе-жегі сіздерге ұнау керек. Бәрі осындай жекпе-жек өткізіп жатыр, олар неге өткізе алмайды? Егер Нганну соққысын тигізе алса, біткенің сол болады. Оның соққысы ауыр, егер өзін жақсы ұстай алса, ол үлкен қиындық тудырады. Кәсіпқой бокста тәжірибесі жоқ, алайда жекпе-жектерге шығып көрген ғой. Оны қазір  Дьюи Купер мен Майк Тайсон жаттықтырып жатыр, ал олар дөп тиетін жалғыз соққыны қойып бере алады. Бокста керегі бір ғана соққы. Нганну тұрып алып Фьюримен жұдырықтаса алмайды. Нганну оны құлатуға тырысу керек, әйтесе Фьюри оны өлтіреді. Сондықтан Френсиске жеңісті ғана көздеу қажет", - деп береді Джонстың сөзін Sporting Post.


Фьюри - Нганну жекпе-жегі 28 қазан Эр-Риядта өтеді. Бұл айқас 10 раундқа есептелген. Бұл жекпе-жекте WBC титулы сарапқа салынбайды

Басқа спорттық жаңалықтар