Қазақстан футбол Премьер-лигасы

"Тобыл" Ресей чемпионатында жүрген футболшыны сапына қосады

Instagram/aleksandr_zuev10

Ресейлік «Арсенал» клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев Қазақстан чемпионатына ауысады, деп хабарлайды «Серый Cardinal» Telegram арнасы.

"Қазір Тула «Арсеналының» ойыншысы болып келетін Зуев жақын арада қостанайлық "Тобыл" қатарына қосылуы керек. Жартылай қорғаушыға «Ақтөбе» де қызығушылық танытқан, дегенмен Зуев «Тобылды» таңдаған», - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Александр Зуев Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағанға дейін Ресейдің жастар және жасөспірімдер құрамаларында өнер көрсеткен.

Басқа спорттық жаңалықтар