Теннис

Дмитрий Попко Финляндиядағы Челенджерді сәтті бастады

Дмитрий Попко Финляндиядағы Челенджерді сәтті бастады
KTF

Қазақстандық теннисші (№187) Дмитрий Попко Тампередегі (Финляндия) Челленджер турнирінің 1/8 айналымына өтті.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші аргентиналық (№261) Факундо Менанмен үш сағаттай ойнап, оны 6:3, 7:5 есебімен ұтты.

Бұл матчте Попко 9 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Мена 3 эйс, 3 брейкпен (14 брейк-пойнт) шектелді.

Енді Дмитрий екінші айналымда рейтингіде румыниялық (№374) Габи Адриан Бойтанмен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар