Футбол

Мбаппе Чемпиондар лигасында аңыз футболшының рекордынан асып түсті

Мбаппе Чемпиондар лигасында аңыз футболшының рекордынан асып түсті

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының рекордын орнатты. Бұл туралы УЕФА ұйымының ресми сайты хабарлап отыр.


ЧЛ-дің үшінші турында ПСЖ "Милан" клубын 3:0 есебімен ұтып, Килиан осы ойында гол салды. 


Мәлімет бойынша, Мбаппе өз алаңында өткізген Чемпиондар лигасының сегіз матчте гол салған бірінші франциялық болып отыр. Осылайша, ол аңызға айналған футболшы Тьерри Анридің рекордынан асып түсті. Ол 2001 жылдың наурызы мен 2002 жылдың ақпаны аралығы "Арсенал" үшін қатарынан жеті гол салған. 


Сонымен қоса, Мабеппе Чемпиондар лигасының 64 матчінде 65 рет көзге түскен: 42 гол және 23 ассист. 


Еске салайық, Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар