Футбол
Еуропалық лигалар ФИФА-ны сотқа бермек
ФИФА
Еуропаның үздік футбол лигалары ФИФА-ны сотқа бермек.
Танымал журналист Каве Солкехол өзінің әлеуметтік желілерінде хабарлағандай, еуропалық федерациялар матчтардың көптігіне наразы.
Сотқа шағымдануға ниетті нақты қай лигалар екені айтылған жоқ.
Жақында мадридтік «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа ФИФА-ны матчтардың жиілігіне байланысты сынға алды. Бельгиялық қақпашы ұйым өзінің коммерциялық мүддесі үшін спортшыларға мән бермейтінін айтты.