Теннис

Анна Данилина Румыниядағы WTA 250 турнирінің ширек финалына жетті

Анна Данилина Румыниядағы WTA 250 турнирінің ширек финалына жетті
ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина Яссы қаласында (Румыния) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева бастапқы кездесуін ресейлік Амина Аншба және чехиялық Анастасия Детюк дуэтіне қарсы өткізді.

Ойын қазақстандық-ресейлік жұптың айқын жеңісімен аяқталды – 6:4, 6:3. Бір сағат 26 минутқа созылған матчта екеуі 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Ресейлік-чехиялық дуэт 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Енді қазақстандық - ресейлік дуэт жартылай финалға өту үшін ресейліктер Мирра Андреева мен Софья Лансеремен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар