Gracenote Қазақстан Олимпиадада қанша жүлде алатынын болжады
Gracenote сараптамалық агенттігі Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына арналған жаңа болжамын жариялады. Қазақстан құрамасы 10 медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте 29-орын алады деп болжаған.
Статистикалық агенттік ақпараты бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль еншілейді деп көрсеткен.
Агенттік болжам жасауда спортшылардың ірі халықаралық турнирлердегі көрсеткіштері мен жетістіктерін назарға алады.
Жалпы медаль саны бойынша АҚШ елінің спортшылары алда болады деп болжауда. Олар 39 алтын, 32 күміс, 41 қола алып, ұзын саны 112 медальмен бірінші орын алады деп отыр. Одан кейінгі орындарға Қытай мен Ұлыбритания елдері орналасқан.
🥇 - Our FINAL Virtual Medal Table for #Paris2024 was released this morning
— Gracenote Olympic (@GracenoteGold) July 23, 2024
🇺🇸USA to top medal table on Total medals AND Gold
🇨🇳China to finish 2nd
🇬🇧Great Britain 3rd on Total medals, 🇫🇷France 3rd on Golds
🇦🇺Australia complete the top-5 medal winnershttps://t.co/qvYMw51Gr7 pic.twitter.com/DUROkwh9CT