Шорт-трек
Қазақстандық спортшы шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде 6-орын алды
Сеулде шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта А финалының жарысы өтті.
Қазақстандық Ольга Тихонова 2:37.001 нәтижесімен алтыншы орын алды.
Айта кетейік, жарыста Джилли Ким (Оңтүстік Корея) жеңіске жетті. Екінші орынды америкалық Корин Стоддард алды. Үздік үштікті қытайлық Ли Гонг (2:35,984) түйіндеді.
Дереккөз: prosports.kz