Футбол

Садо Мане франциялық футбол клубыгн сатып алды

Садо Мане франциялық футбол клубыгн сатып алды

«Аль-Наср» мен Сенегал құрамасының жұлдызды шабуылшысы Садио Мане франциялық клубтың иесі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.


Ол Франция чемпионатының төртінші дивизионында ойнайтын «Бурже Фут 18» акцияларының бақылау пакетін сатып алды. Қазіргі уақытта «Бурже Фут 18» қоржынында 4 ұпаймен Франция чемпионатының төртінші дивизионының В тобындағы турнир кестесінде небәрі 13-орында тұр.


Айта кетейік, Мане өткен жазда «Бавариядан» «Аль-Насрға» ауысқан болатын. 31 жастағы сенегалдық жаңа командасында 14 матчта 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Басқа спорттық жаңалықтар