Кәсіби бокс

Қазақстандық нокдаунға түсіп, сонда да жеңді

Қазақстандық нокдаунға түсіп, сонда да жеңді

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Астанада өткен "IBA Чемпиондар Түні" шоуында жекпе жекке шықты.

Нұрдәулетовке қарсы ресейлік Никита Зонь тұрды. Бұл жекпе-жек 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті және үш минуттық алты раундқа есептелді. Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Нұрдәулетовтің жеңісімен аяқталды. Үшінші раундта қазақстандық нокдаунда болды.

Әуесқойлар арасында Бекзад Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы. 25 жастағы қазақстандықтың кәсіби мансабына келетін болсақ, онда ол (6-0, 2 КО) рекордқа ие. Егер оның қарсыласы туралы айтатын болсақ, онда Никита Зонь әуесқойлардың арасында 300-ден астам жекпе-жек өткізді. Сонымен қатар ол кәсіпқой бокста өнер көрсетеді: онда ресейлік (7-0-1, 5 КО) рекордқа ие.



Дереккөз: sports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар