Кәсіби бокс

Қазақстандық Әлем Вице-Чемпионының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстандық Әлем Вице-Чемпионының жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Астанада өткен "IBA Чемпиондар Түні" шоуында өнер көрсетті.

Теміржанов Сербия өкілі Павел Федоровпен жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті және үш минуттық алты раундқа есептелді. Федоров төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске иеленді.

Серік Теміржанов 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар өткен жылы қазақстандық Азия чемпионатының "күмісін" жеңіп алған. Оның қарсыласына келетін болсақ, ресейлік боксшы Павел Федоров Ресей чемпионатының күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ Сербия чемпионы атанған.



Дереккөз: sports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар