Кәсіби бокс

Қазақстандық Әлем Чемпионы өзбекстандық боксшыға қарсы жеңісі туралы айтты

Қазақстандық Әлем Чемпионы өзбекстандық боксшыға қарсы жеңісі туралы айтты

Қазақстандық Әлем Чемпионы Санжар Тәшкенбай Астанада "Чемпиондар Түні" шоуындағы өз жекпе-жегіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

"Аллаға шүкір алты раундта жеңіске жеттік. Бірінші жекпе-жегім. Бұл оңай емес, қиын болды, бірақ ағайларымның тактикасымен ойдағыдай жеңіске жеттік. Аллаһ қаласа енді кішкене демалып, үлкен жекпе-жектерге дайындаламыз.

Қарсылас оңай емес, қиын, мықты қарсылас. 1994 жылғы, бұрыннан бері бокстасып келе жатқан, үлкен жарыстар көрген. Бірақ енді біз жас болған соң, жылдам қимылдап жеңіске жеттік, Аллаға шүкір.

Залда қолдау өте мықты болды. Туысқандарым, жақындарым, бауырларым келді. Барлығына Аллаһ разы болсын! Сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды",- деді Тәшкенбай.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық рингте өзбекстандық Нодиржон Мырзахмедовпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Басқа спорттық жаңалықтар