Кәсіби бокс

Нұрбек Оралбай Астанадағы "Чемпиондар түні" додасына неге қатыспайды?

Нұрбек Оралбай Астанадағы

Бүгін Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен "Чемпиондар түні" бәсекесі өтеді. Аталған сынға Нұрбек Оралбай қатыспайды.

Жоспар бойынша, бокс кешіне қазақстандық әлем чемпиондары қатысуда. Олардың қатарында Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Дулат Бекбауов, Бекзад Нұрдәулетовтер бар.

"Нұрбек кішігірім жарақатқа байланысты бұл турнирге қатыспады. Оның орнына Ермахан Жакпеков шығады", - деді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов.

Астанадағы турнирге Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те қатысады.



Источник: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар