Қазақстан футбол Премьер-лигасы

"Қайрат" ресейлік футболшыны сапына қосты

"Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушы Егор Сорокинмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы алматылық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалған. Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіби деңгейде "Тосно", "Рубин", "Нефтехимик" пен "Краснодар" командаларында өнер көрсеткен. Соңғы командасымен РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.

2016 жылы маусымды Сорокин "Ақтөбе" командасында өткізді. Қорғаушының соңғы клубы "Елімай" болды. Ол 2024 жылғы наурызда қосылды. Семей командасында барлық турнирде 12 матч өткізді.

Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матч өнер көрсеткен.


Басқа спорттық жаңалықтар