Футбол

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы өзбекстандық командаға қосылды

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы өзбекстандық командаға қосылды
KazFootball.kz

Қазақстан жастар құрамасының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Абинұр Нұрымбет ресми түрде Өзбекстанның «Андижан» футбол клубына қосылды, деп хабарлайды команданың баспасқөз қызметі. 

«Андижан» 13 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, Өзбекстан чемпионатында бесінші орында тұр.

Айта кетейік, шілде айының басында Абинұр Нұрымбет 2024 жылдың наурыз айынан бері өнер көрсеткен белорусиялық «Гомель» клубынан ресми түрде кеткен болатын. Ол команда сапында он матч өткізіп, бір гол салған.

Басқа спорттық жаңалықтар