Ла Лига

«Барселона» қорғаушысы арабиялық чемпионатқа ауыспақ

«Барселона» қорғаушысы арабиялық чемпионатқа ауыспақ
Twitter/@IlkayGuendogan

«Барселона» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган карьерасын Катарда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды DeadlineDayLive твиттер-парақшасы.

Неміс жартылай қорғаушысына «Әл-Садд» қызығушылық танытып отыр, бірақ трансфер бойынша ресми ұсыныс әлі жасаған жоқ. Гюндоганның «Барселонамен» қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін (бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен) есептелген.

2023/24 маусымында Гюндоган «Барселона» сапында барлық турнирде 51 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Басқа спорттық жаңалықтар