2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстан дзюдошылары Олимпиадаға дайындығын Парижде пысықтап жатыр

Қазақстан дзюдошылары Олимпиадаға дайындығын Парижде пысықтап жатыр
olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Францияда Олимпиада алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазіргі таңда дзюдошылар Францияның Мез қаласында арнайы бағдарлама бойынша Олимпиадаға дайындықтарын пысықтауда.

Отандық дзюдошылар арасынан алғаш болып Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) татамиге шығады.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Жазғы ойындарға Қазақстан сапынан спорттың 25 түрінен 80 атлет қатысады.

Басқа спорттық жаңалықтар