Теннис

Тимофей Скатов әлемдік рейтингте бірден 38 саты көтерілді

Тимофей Скатов әлемдік рейтингте бірден 38 саты көтерілді
ҚТФ

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандықтардың орны белгілі болды. Өткен аптада Бостадтағы (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 223-тен бірден 38 сатыға жоғарылап, 185-тен бір-ақ шықты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 24-тен 25-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 135-тен 132-ге, Денис Евсеев 160-тан 153-ке көтерілді.

Дмитрий Попко 186-дан 187-ге төмендеді. Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 54-ке түссе, А.Бублик – 131, Андрей Голубев 148-орнын сақтап қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар