Хоккей

Қазақстан жастар командасы хоккей элитасына оралды

Қазақстан жастар командасы хоккей элитасына оралды

Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар командасы элиталы дивизионға жолдама алды.

Төртінші турда Қазақстан хоккейшілері Жапонияны 3:1 есебімен жеңіп, жолдама мәселесін мерзімінен бұрын шешті.

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті.

Төрт турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар ел құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 желтоқсанда Австрияға қарсы өткізеді.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар