ММА

Шавкат Рахмонов Америкаға ұшып кетті

Шавкат Рахмонов Америкаға ұшып кетті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне жаттығуын пысықтау үшін Америкаға ұшып кетті. 


Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық келесі айқасын 16 желтоқсандағы UFC 296 турнирінде өткізеді. Бұл жекпе-жек кеші Лас-Вегастағы T-Mobile Аренада өтеді. Қарсылас жергілікті спортшы Стивен Томпсон (17-6-1). 


Бұл турнирдің басты айқасында жартылай орта дивизиондағы UFC титулы үшін Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон жұдырықтасады.


Айта кетейік, бұл сапарға Шавкатпен бірге DAR Team командасының жетекшісі  Бауыржан Уталиев те бірге аттанды.

Басқа спорттық жаңалықтар