ММА

Чимаев жаңа салмақта да UFC рейтингінің үздік ондығына кірді

Чимаев жаңа салмақта да UFC рейтингінің үздік ондығына кірді

UFC-де өнер көрсететін тегі шешен файтер Хамзат Чимаевтің (13-0) жаңа салмаққа өткеннен кейін ұйым рейтингіндегі орны белгілі болды. 


Бұған дейін жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Чимаев бір дивизион жоғары көтерілді. Абу-Дабиде өткен UFC 294 турнирінде ол орта дивизионда Камару Усманмен (20-4) жұдырықтасып, қазылар шешімімен (29-27, 29-27, 28-28) жеңіске жетті. 


Осыдан кейін орта салмақ рейтингі жаңартылып, Чимаев онда тоғызыншы орынға жайғасты. Жаңа тізімде Хамзат Брендан Аллен (22-5), Келвин Гастелум (18-8) және Нассрудин Имавов (12-4) сияқты файтерлерді төмен сырғытып тастаған. 




Басқа спорттық жаңалықтар