Биатлон

Вадим Куралес биатлоннан IBU кубогінде күміс жүлдегер атанды

Вадим Куралес биатлоннан IBU кубогінде күміс жүлдегер атанды

Кеше Италияның Риднаун қаласында өткен биатлоннан жасөспірімдер арасындағы IBU кубогінде қазақстандық Вадим Куралес жүлдеге ілікті.

Ерлер арасындағы он шақырымдық спринт додасында Куралес мәреге екінші болып келді.

Алтын медальді хорватиялық Матия Легович иеленсе, қоланы польшалық Марцин Завол еншіледі.

Айта кетелік, бұл қазақстандық биатлоншылар үшін маусымның алғашқы медалі болып саналады.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар