Шаңғы Спорты

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Франциядағы әлем кубогіне қатысады

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Франциядағы әлем кубогіне қатысады

Францияның Альп-д’Юэз курортты аймағында фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңі өтеді.

Аталған сынға Елена Круглыхина жаттықтыратын Қазақстан командасы да қатысады.

Әлем кубогі кезеңінде ел намысын Анастасия Городко, Павел Колмаков, Антон Бондарев пен Аяулым Әміренова қорғамақшы.

Ал команда үздігі, Олимпиада ойындарының жүлдегері Юлия Галышева Алматыда өтетін кубоктік додада сынға түседі деп күтілуде.



Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар