Стенд ату

Қазақстандық мергендер АҚШ-тағы гран-приде алты жүлде жеңіп алды

Қазақстандық мергендер АҚШ-тағы гран-приде алты жүлде жеңіп алды
qaz_olympics

Стенд атудан Қазақстан командасы АҚШ-та өткен Гран-при турнирі мен Perazzi Cup додасында алты жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің спортшылар еншісінде екі алтын, екі күміс және екі қола бар. Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Конченко Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды. А санатындағы сында Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті.

Сонымен бірге, Наргиза Сарманова қола медаль иеленген.

Басқа спорттық жаңалықтар