Теннис

Астанада Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour турнирі аяқталды

Астанада Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour турнирі аяқталды
ҚТФ

Астанада Президент кубогы үшін ATP Challenger Tour турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Болгариялық Димитар Кузманов (№356) пен грузиялық Саба Пурцеладзе (№533) чемпиондық атақ үшін таласты.

Бір сағат 28 минутқа созылған матчта болгариялық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Грузиялық спортшы 6 эйс, 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Жұптық сында финалда өзбекстандық Денис Истомин – ресейлік Евгений Карловскийді 6:4, 6:3 есебімен жеңген ресейліктер Егор Агафонов – Илья Симакин үздік шықты.

Басқа спорттық жаңалықтар