Грек-рим күресі

Айдос Сұлтанғали ұзақ үзілістен соң халықаралық турнирде топ жарды

Айдос Сұлтанғали ұзақ үзілістен соң халықаралық турнирде топ жарды

Қарағандыда грек-рим күресінен Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир аяқталды. 55-рет өткізілген жарысқа еліміздің үздік балуандары қатысты.

55 келіде Ерсін Әбиір жеңіске жетті. Күміс медальді әлем біріншілігінің жүлдегері Хорлан Жақанша иеленді.

60 келі салмақта құрама үздігі Айдос Сұлтанғали топ жарды. Жарақатынан айыққан Айдостың бұл ұзақ үзілістен кейінгі жеңісі.

63 келіде Дастан Зарлыханов, 67 келіде Абылайхан Әмзеев, 72 келіде Мерей Мәулітханов, 77 келіде Ибрагим Магомадов жеңіске жетті.

82 келі салмақта Расул Жүніс, 87 келіде ресейлік Карим Мұстақимов, 97 келіде Ислам Умаев, 130 келіде қырғызстандық Роман Ким топ жарды.



Источник: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар