Футбол

Месси мен Роналду жасыл алаңда қайта кездеседі

Месси мен Роналду жасыл алаңда қайта кездеседі

"Интер Майами" футбол клубының ойыншысы Лионель Месси мен "Аль-Насрдың" шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылы қайта кездеседі.

2024 жылы 1 ақпанда Сауд Арабияда "Эр-Рияд маусым Кубогы" деген атпен жолдастық турнир өтеді. Аталмыш жарысқа құрамында Месси бар "Интер Майами" футбол клубы мен шабуыл шебінде Роналду ойнайтын "Аль-Наср" командалары қатысады.

Еске салайық, Роналду мен Месси қарсылас ретінде соңғы рет 2023 жылы қаңтар айында кездескен еді. Сол матчта аргентиналық футболшы "ПСЖ" сапында доп тепсе, Криштиану Эр-Рияд қаласының құрамасы сапында өнер көрсетті. Жолдастық кездесу 4:5 есебімен париждіктердің пайдасына шешіліп еді.



Дереккөз: intermiamicf.com

Басқа спорттық жаңалықтар