Кәсіби бокс

Титулды жекпе-жек. Балауса Мұздиманның келесі қарсыласы белгілі болды

Титулды жекпе-жек. Балауса Мұздиманның келесі қарсыласы белгілі болды
Sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиманның алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.

25 шілде Таиландта өтетін айқаста Балауса ең жеңіл саламақта WBA Asia титулы үшін жергілікті Джиттамат Пхомтамен жұдырықтасады.

Айта кетейік, қазақстандық бұрымды боксшы кәсіпқой рингте төрт жекпе-жек өткізіп, үшеуінде нокаутпен жеңген.

Пхомта кәсіпқой карьерасын былтыр тамызда бастады. Содан бері ол бес рет жеңіске жетіп, төрт мәрте жеңілген екен. Оның үшеуінде нокаутпен басым болыпты. Алдағы айқас таиландтық боксшы үшін биылдыққа алтыншысы болады.

Басқа спорттық жаңалықтар