Кәсіби бокс

Өмірімдегі ең ауыр спарринг - Бенвидес Головкин туралы

Өмірімдегі ең ауыр спарринг - Бенвидес Головкин туралы
RingSide24

Америкалық боксшы Дэвид Бенавидес сонау 2012 жылы болған Геннадий Головкинмен спарринг туралы айтып берді, деп хабарлайды Tofight.ru.

Бенавидес мұны карьерасындағы ең ауыр спарринг болғанын мойындады. "GGG туралы жақсы оқиға бар. Мен онымен бірінші рет сапррингке шыққанмын, бұл Геннадий Америкада өнер көрсете бастағанға дейін болған. Ол кезде 15 жаста едім, мен Биг Берге келгенмін. Әкем Абель Санчестен спарринг өткізе аламыз ба деп сұрады. Абель Геннадий Головкин бар деді. Мен оның кім екенін де білметінмін. Мен кеттік дедім.

Қолғапты киіп жатып, оған бір көз тастағанымды білемін. Ол маған барынша суық қарады, бірақ енді артқа қайтатын жол жоқ қой! Головкинді таңдандырғанымды білемін, өйткені оған бір жақсы соққы өткізе алдым. Екеумізде бір сәтте сол қолымызбен денеден соққы өткізгеніміз бар. Маған қатты тиді, бірақ, мен де оған соққымды батыра алғанымды білемін. Екеуміз де қарап тұрып, аздап адуынымызды бастық. Бұл менің өмірімдегі әлі күнге дейінгі ең ауыр спаррингім", - дейді Бенавидес.

Басқа спорттық жаңалықтар