Теннис
Данилина Будапешттегі WTA 250 турнирінің финалына жетті
ҚТФ
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Будапешттегі (Венгрия) WTA 250 турнирінің финалына жетіп отыр.
Жұптық сында турнирдің 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева жартылай финалда нидерландылық Изабель Ховерлаг пен америкалық Кристина Роска дуэтін екі сетте 6:1, 6:3 есебімен ұтты.
1 сағатқа созылған матчта олар 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін өз есептеріне жазды. Нидерландылық-америкалық дуэт ештеңемен көзге түсе алған жоқ.
Анна Данилина – Ирина Хромачеваның финалдағы қарсыластары кейін анықталады.