Теннис
Жұптық сын. Недовесов Швециядағы турнирдің жартылай финалына жетті
ҚТФ
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Бостад (Швеция) қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жетті.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар ширек финалда аргентиналық Федерико Кориа мен жапониялық Таро Дэниелді ұта алды.
Бірінші партияда аргентиналық-жапониялық дуэт 6:4 есебімен басым түскенімен, Недовесов - Эскобар камбэк жасад - 6:3, 11:9.
Бір сағат 20 минутқа созылған бәсекеде Недовесов пен ресейлік серігі 4 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Енді қазақстандық-эквадорлық дуэт финалға шығу үшін франциялықтар Мануэль Гинар - Грегуар Жакпен кездесу өткізеді.