Футбол

Аргентина презиеднті Месси кешірім сұрау керек деген шенеунікті орнына босатты

Аргентина презиеднті Месси кешірім сұрау керек деген шенеунікті орнына босатты
Oxu.Az

Аргентина елінің президенті Хавьер Милей елдегі спорт министрінің орынбасары Хулио Гарроны қызметінен босатты. Ол Мессиге қатысты мәлімдеме жасап, француздардан кешірім сұрау керегін айтқан еді.

Даудың басы Америка кубогы финалынан кейін басталған еді. Аргентина құрамасы чемпион атанып, киіну бөлмесінде тойлау кезінде ән айтқан. Ал ол әнде футболшылардың біразы Франция құрамасын кекетіп кемсіткен. Ал Хулио Гарро болса аргентиналық ойыншылардың кешірім сұрауын мақұлдаған.

"Мен ұлттық құраманың капитаны (бұл жерде Месси) бастап, федерация президенті бәрі кешірім сұраулары керек деп ойлаймын", - деген Гарро.

Алайда шенеунік кейіннен бұл сөзінен айынп қалды. Содан кейін президент әкімшілігі Олимпиада алдында министр орынбасарын қызметінен босатты.

Басқа спорттық жаңалықтар