Кәсіби бокс

Жәнібектің қарсыласы оны жекпе-жекке шықпағаны үшін мазақ қылды

Жәнібектің қарсыласы оны жекпе-жекке шықпағаны үшін мазақ қылды
instagram.com/toprank

Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) белгіленген жекпе-жекке шыға алмай қалған Жәнібек Әлімханұлын (15-0, 10 КО) мазақ қылды.

Боксшылар 14 шілде Лас-Вегаста айқасу керек болатын. Алайда Жәнібек салмақ өлшеуден кейін есінен танып қалып, ауруханаға түсті. Әлімханұлының салмақ түсіру кезінде денесіндегі сұйықтық мөлшері шамадан тыс азайып кеткен екен.

Михайлович Жәнібектің аты жазылған асфальт үстінде билеген видесоын жариялапты. Сонымен бірге, отбасымен бірге билеген жері де бар, ал ең соңында былай деп жазыпты: "Бұл видеоны түсіру кезінде ешбір чемпион зардап шекпеді. Тек құрғап қалды".


Басқа спорттық жаңалықтар