Теннис

Жастар арасында. Әмір Омарханов әлемдік рейтингте топ-05 тізімге кірді

Жастар арасында. Әмір Омарханов әлемдік рейтингте топ-05 тізімге кірді
ҚТФ

18 жасқа дейінгілер арасында ITF әлемдік рейтингіні жария етті. Қазақстанның жас жұлдызы, 16 жастағы Әмір Омарханов рейтингте 16-дан 15-орынға көтерілді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Осылайша, Әмір өзінің үздік көрсеткішіне (2024 жылғы ақпан, №12) жақындап келеді. Қазіргі кезде Астанада Президент кубогі үшін ересектер арасында челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан Омарханов алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді.

Жасөспірімдер арасында ТОП-50-ге сондай-ақ Соня Жиенбаева (№21) мен Асылжан Арыстанбекова (№38) енді. Даниал Рахматуллаев – 58, Заңғар Нұрланұлы – 163, Айя Нұпбай – 120, Полина Слепцова 229-сатыда тұр.

Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғыша 1-орында.

14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe ТОП-100-де Қазақстанның төрт теннисшісі бар: Роберт Каминский 61-де, Ахмади Маханов 63-те қалса, Родион Трайгель 69-сатыға жоғарылады.

Қыздар арасында Линара Бөлешева 84-орында келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар