Теннис

Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирде топ жарды

Әлемнің 504-ракеткасы Дмитрий Попко Анталияда (Түркия) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші турнирдің финалдық ойынында дүниежүзілік рейтингте 728-орында тұрған өзбекстандық спортшы Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Нәтижесінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дмитрий үшін Анталияда өткен жарыс сәтті аяқталды. Попко бұл турнирді кәсіби мансабында екінші рет жеңіп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингін жариялаған едік. Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина 6365 ұпаймен төртінші орынын сақтап қалды. Ал Жібек Құлмбаева 495-орыннан, 493-орынға көтерілді (+2). Тағы бір қазақтандық теннисші Гозаль Айнитдинова 618-орыннан, 613-орынға жоғарылады (+5). Севилиядағы Әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен қазақстандық Анна Данилина 817-орыннан, 815-ке қадам басты (+2).



Дереккөз: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар