Футбол

Златан Ибрагимович "Миланға" оралды

Златан Ибрагимович

"Миланның" бұрынғы шабуылшысы Златан Ибрагимович операциялық серіктес және клуб иелерінің аға кеңесшісі болды.

Ибрагимович өзінің футбол мансабын 2023 жылдың жазында аяқтады және қазір RedBird компаниясына жаңа рөлде қосылды.

Операциялық серіктес және аға кеңесші ретінде ол клуб иелерімен бірге "Миланның" стратегиялық шешімдері мен дамуына үлес қосады.

Естеріңізге сала кетейік, 42 жастағы Ибрагимович осы жылдың жазында өзінің мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. 1999 жылы басталған кәсіби мансабында футболшы "Мальме", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "ПСЖ", "Манчестер Юнайтед", "Лос-Анджелес Галакси" және "Милан"командаларында ойнады. Осы уақыт ішінде Златан 819 кездесу өткізіп, 493 гол соғып, 201 нәтижелі пас берді.



Дереккөз: sports.yahoo.com

Басқа спорттық жаңалықтар