Баскетбол

"Астана" америкалық баскетболшыны сапына қоспақ

247 Sports

Қазақстандық «Астана» баскетбол клубы 27 жастағы амеркиалық шабуылшы Даниэль Утомимен келісімге келді. Бұл туралы Intercept телеграм арансы хабарлап отыр.

Утоми Америка Ұлттық Колледжі Атлетикалық Ассоциациясының (NCAA) бірінші дивизионында ойнады. Бірнеше жыл Даниэль Утоми Франция мен Италияның екінші дивизионында өнер көрсетті.

Өткен жазда Утоми грекиялық «Колоссос» клубына ауысты. Бұған дейін шабуылшы позициясында ойнайтын 23 жастағы баскетболшы Данила Походяев Астанаға көшкені белгілі болған еді.

Келісімшарттың мерзімі мен сомасы әзірге айтылмады. 

Басқа спорттық жаңалықтар