Теннис

Зарина Дияс ITF W100 турнирін сәтті бастады

Зарина Дияс ITF W100 турнирін сәтті бастады
Sports.kz

Қазақстандық теннисші (№ 702) Зарина Дияс Витория-Гастейстегі ( Испания) ITF W100 турнирін жеңіспен бастады.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа оралған қазақ теннисшісі осыған дейін Уимблдонда өнер көрсетіп, іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалған еді.

Бұл жолы Зарина алғашқы айналымда испаниялық Гаэтана Гайдың меселін қайырды - 6:4, 6:2.

Енді Зарина ширек финалға өту үшін франциялық (№131) Джессика Поншемен таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар