Хоккей
Федор Хорошев "Арланға" көшті
Қорғаушы Федор Хорошев "Арланға" ауысты. Келісім маусымның соңына дейін есептелінген. Бұл туралы Көкшетау клубының баспасөз қызметі хабарлайды.
Ағымдағы маусымда тұрақты Қазақстан чемпионаты аясында Пермьдің 29 жастағы тәрбиеленушісі "Ақтөбе" құрамында 34 кездесу өткізіп, 18 (2+16) ұпай жинады.
Дереккөз: hkarlan.kz