Теннис

Данилина Будапешттегі турнирдің жартылай финалына жетті

Данилина Будапешттегі турнирдің жартылай финалына жетті
Global Look Press

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Анна Данилина Будапешттегі (Мажарстан) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда германиялық Лена Пападакис – америкалық Джесси Эней дуэтімен кездесу өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:2, 6:4 есебімен екі сетте басым болды. Бір сағат 15 минутқа созылған бұл матчте Данилина мен Хромачева эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Германиялық-америкалық дуэт 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Анна мен Иринаның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Басқа спорттық жаңалықтар