УЕФА Чемпиондар Лигасы

Чемпиондар лигасы: Молдова чемпионы мен "Ордабасы" матчі бір голмен бітті

Чемпиондар лигасы: Молдова чемпионы мен
"Ордабасы" ФК

Шымкенттік "Ордабасы" Чемпиондар лигасы іріктеуінің қарымта матчін өткізді.

Кишиневте өткен кездесу 1:0 есебімен Молдова чемпионы "Петрокуб" клубының пайдасына аяқталды. 34-минутта жалғыз голды молдовалық жартылай қорғаушы Теодор Лунгу салды.

Шымкентте өткен бірінші матч 0:0 есебімен аяқатлған болатын.

Осылайша, "Ордабасы" Конференция лигасына түсіп қалды, шымкенттік команда бұл турнирдің екінші іріктеу раундында "Клаксвик" (Фарер аралдары) – "Дифферданж" (Люксембург) матчінде ұтылған командамен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар