Футбол

Астанада жекеменшік мектептер арасында республикалық турнир өтеді

Астанада жекеменшік мектептер арасында республикалық турнир өтеді

Астанада "JKFL" жекеменшік мектептер мен академиялар арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтеді.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 57 мектеп қатысады. Жарыс төрт жас санатында және әртүрлі форматта өтеді: 13 команда 2012-2013 жж ("5+1" форматы), 17 команда 2010-2011 жж ("7+1" форматы), 15 команда 2008-2009 жж ("8+1" форматы) және 12 команда 2006-2007 жж ("10+1" форматы). Финалдық кездесулер 13-19 желтоқсан аралығында Футбол Үйінде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен жекеменшік мектептер мен академиялар арасында футбол лигасы құрылды. "JKFL" деп аталатын бұл жоба Қазақстанның барлық шалғай өңірлерін қамтиды.

Биыл "JKFL" футбол лигасына Қазақстанның барлық өңірлерінен 5 мыңнан астам бала қатысты. Ал соңғы кезеңге 1100-ден астам бала қатысады.



Дереккөз: kff.kz

Басқа спорттық жаңалықтар