ММА

UFC чемпионы Волкановскимен қандай жағдайда трилогия өткізетінін айтты

UFC чемпионы Волкановскимен қандай жағдайда трилогия өткізетінін айтты

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев аустралиялық Александр Волкановскимен үшінші жекпе-жеке қандай жағдайда шығатынын айтты, деп хабарлайды sports.ru.


"Мен екі жекпе-жекте жеңдім. Үшіншісінде мән жоқ. Енді оған тағы мүмкіндік береді деп ойламаймын. Мен онымен жекпе-жекке шығар ма едім? Мен бұрын да айтқанмын, таңдайтын мен емес. Егер UFC солай шешсе, мен неге бас тартуым керек? Егер UFC біреуді лайқыты деп таңдаса, мен әрқашан дайынмын", - дейді Махачев. 


Еске салйық, Махачев пен Волкановски 2023 жылы екі рет айқасты. Ақпанда өткен бірінші кездесуде дағыстандық спортшы төрешілер шешімімен басым түсті. Ал Абу-Дабидегі UFC 294 турнирінде аустралиялық файтер бірінші раундта нокаутпен жеңілді. 

Басқа спорттық жаңалықтар